Ердоған мен Путин коронавирус жайлы кеңесті

Путин Ердоғанға келесі кезекте "Sputnik" вакцинасын ектіруді ұсыныс етті.

1712431
Ердоған мен Путин коронавирус жайлы кеңесті

Президент Режеп Тайып Ердоған мен Ресей Президенті Владимир Путин  Ресейдің Сочи қаласындағы кездесуден кейін Президенттік сарайдың ресми ғимараты алдында тұрып әңгімелесті.

Әңгіме кезінде жақынында жұмыс істейтін 30 адамның жаңа типті коронавирус індетін жұқтырғанын айтқан Путин қасында 24 сағат жұмыс істейтін бір кісіні қамтыған барлығының 3-ші компонент вакцинаны кеш ектіргені себепті вирус жұқтырғанын білдірді.

Өзіне вирус жұқпағанын айтқан Путин антиденесінің күшті екенін баяндады.

Президент Ердоғанның "Антидене көрсеткішіңіз қанша?" деген сауалына орай Путин "15-16 болуы мүмкін, толық есімде жоқ" деді.

Ердоғанның бұл мөлшердің өте төмен екенін, өзінің антидене мөлшері 1000-нан астам екенін айтуына орай Путин антиденені есептеу жолдары өзгеше болғандықтан сандардың да өзгеше болатынын, өзінің антиденесі жоғары екенін қайталады.

Путин:

"Менің антиденем жоғары. Вирусты жұқтырған кісімен күн бойы бірге болғаныма қарамай науқастанған жоқпын" деді.

Путиннің Ердоғанға 3-ші компонент ретінде орыстың "Sputnik" вакцинасын ектіруін ұсыныс етуіне орай Ердоған:

"Мен 3-ші компонентте де BioNTech вакцинасын ектірдім" деді. 

Путин келесі кезекте "Sputnik" вакцинасын ектіруді ұсыныс етті.



Ұқсас жаңалықтар