Чавушоғу мен Маас баспасөз жиналысын өткізді

Чавушоғлу: "Ауғандардың Түркияға келетіні қауесеттері жөнінде мұндай ұсыныс Германиядан да, басқа елден де келген жоқ" деді.

1699309
Чавушоғу мен Маас баспасөз жиналысын өткізді

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу:

"Түркия көші-қон тақырыбында моральдық және адамгершілік жауапкерліктерін толық орындады. Біздің қосымша босқын жүгін көтеруіміз мүмкін емес" деді. 

Мевлүт Чавушоғлу ресми сапармен бас қала Анкараға келген Германия Сыртқы істер министрі Хайко Мааспен ортақ баспасөз жиналысын ұйымдастырды.

Мевлүт Чавушоғлу:

"Кабул Халықаралық әуежайының қауіпсіздігін қамдау мұқият бір тақырып, мұны бағаландырамыз. Ауғандардың Түркияға келетіні қауесеттері жөнінде мұндай ұсыныс Германиядан да, басқа елден де келген жоқ" деді.

Германия Сыртқы істер министрі Хайко Маас:

"Түркия Кабул әуежайындағы іс-шараларға маңызды есе қосуда" деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар