АҚШ Түркиямен қарым-қатынасқа мән береді

Елші: "Біз үшін Түркия құнды бір НАТО одақтасы. Қарым-қатынастарымыздың барлық саласына мән береміз" деді.

1578245
АҚШ Түркиямен қарым-қатынасқа мән береді

АҚШ-тың Түркиядағы өкілетті елшісі Дэвид Саттерфилд Түркияның НАТО-ның маңызды бір одақтасы екенін білдіріп:

"Қарым-қатынастарымыздың барлық саласына мән береміз" деді.

АҚШ-тың Түркиядағы өкілетті елшісі Дэвид Саттерфилд журналистерге мәлімдеме жасады.

Жаңа міндетке келген АҚШ президенті Джо Байден кезеңінде екі ел қарым-қатынастарына мән беретіндерін айтқан елші:

"Біз үшін Түркия құнды бір НАТО одақтасы. Қарым-қатынастарымыздың барлық саласына мән береміз" деді.

Елші Дэвид Саттерфилд соңғы бірнеше айда Түркияда шетелдік инвестицияның артқанын білдіріп, түрік лирасы құнының тұрақтануы батылдықты арттырғанын жеткізді.

Елші АҚШ-тың түрік экономикасының негіздік күшіне әрқашан сенгенін атап айтты.   



Ұқсас жаңалықтар