Чавушоғлу Солтүстік Кипр Түрік Республикасында

Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлу Солтүстік Кипр Түрік Республикасына екі күндік іссапармен барды

1575493
Чавушоғлу Солтүстік Кипр Түрік Республикасында

Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлу Солтүстік Кипр Түрік Республикасына екі күндік іссапармен барды. Министр Чавушоғлу Республика Мәжілісі төрағасы Өндер Сеннароғлу және премьер-министр Ерсан Санер тарапынан қабылданды. 

Министр Чавушоғлұ алдымен Республика Мәжілісі төрағасы Өндер Сеннароғлумен кездесті. 
Кездесулер қарсаңында Чавушоғлу "Кипр түрік халқының мүдделерін қорғау тақырыбында келіссөз процесінде қандай тұғыр ұстанатынымызды және басатын қадамдарымызды Солтүстік Кипр Түрік Республикасы Президенті Ерсин Татар, Сыртқы істер министрі Тахсин Ертугрул және басқа тұлғалармен бірге  талқылаймыз" деді. 
Республика Мәжілісі төрағасы Өндер Сеннароғлу болса "Егер шешім жүзеге асса өте жақсы болар еді. Түрік тарапының қызыл қызықтары бар. Ең маңыздысы Түркияның ықпалды және белсінді кепілгерлігі. Халқымыз Түркияға үлкен сенім артуда" деді. 

Чавушоғлу премьер-министр Санермен кездесу барысында жаңа типті коронавирус індетімен күресуде қол жеткізген табыстары үшін өзін құттықтап "Алдымыздағы процесте бұл жерде барлық адамдардың вакцина салғызуы керек. Жеткілікті вакцина Түркияға келген сайын біз де Солтүстік Кипр Түрік Республикасына жібереміз. Кипр халқын жалғыз тастамаймыз" деген сөздер қолданды. 
Мәвлүт Чавушоғлу Солтүстік Кипр Түрік Республикасы Сыртқы істер министрі Тахсин Ертугрулмен де кездесті. 

 



Ұқсас жаңалықтар