Президенттен маңызды мәлімдеме

Ол террорлық ұйымға операция жасалуы мүмкін екенін айтты.

1569153
Президенттен маңызды мәлімдеме

Президент Режеп Тайып Ердоған бөлшектеуші террорлық ұйым PKK-ға қарсы Ирактың Синжар аймағына операцияның белгісін берді.

Ердоған Стамбулда жұма намазынан кейін журналистердің «Синжарда террорлық ұйымға операция бола ма?» деген сұрақтарына «Бұл операция жариялауға келмейді. Мен әрашан мынаны айтамын: бір күні күтпеген жерден келіп қалуымыз мүмкін» деп жауап берді.

Ердоған коронавирусқа қарсы Қытайда жасалған вакцинаның екінші бөлімінің осы аптаның аяғына қарай келіп қалатынын айтты. «Екінші партия вакцина үшін рұқсат берілді.  Осы аптаның аяғына дейін келіп қалар» деді ол.

Президент 2023 жылдың маусым айынан бұрын мерзімінен бұрын сайлау болмайтынын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар