2 террорист қауіпсіздік күштеріне берілді

Бөлшектеуші террор ұйымы PKK/KCK-дан қашқан 2 террорист қауіпсіздік күштеріне берілді.

1549552
2 террорист қауіпсіздік күштеріне берілді

Көндіру әрекеттері нәтижесінде PKK/KCK-дан қашқан 2 террорист қауіпсіздік күштеріне берілді.

Ішкі істер министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда көндіру әрекеттері жалғасуда. 

Осы шеңберде Ішкі істер министрлігі координациясында Қауіпсіздік басқармасы және Жандармерия қолбасшылығы тарапынан жүргізілген көндіру жұмыстары нәтижесінде  PKK/KCK  террор ұйымынан қашқан 2 террорист қауіпсіздік күштеріне берілді. 

Ең соң берілген террористтердің  Иракта әрекет жасағандары анықталды. 

Осылайша осы жылдың ішінде көндіру жұмыстары нәтижесінде  PKK/KCK-дан қашып, қауіпсіздік күштеріне берілген террористтер саны 234-ке жетті. 

 



Ұқсас жаңалықтар