Саясаткерлер АҚШ-қа наразылық көрсетті

АҚШ-тың Түркияға бағытталған санкция шешімі ел көлемінде наразылық туғызды.

1545653
Саясаткерлер АҚШ-қа наразылық көрсетті
fuat oktay.jpg
İbrahim Kalın.jpg

АҚШ-тың Түркияға бағытталған санкция шешімі ел көлемінде наразылықпен қарсы алынды.

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) төрағасы Мұстафа Шентоп Твиттер парақшасынан жасаған мәлімдемеде «Санкция одақтастыққа да, одақтастықты қалпына келтіру ниетіне де үйлеспейді. Қорғаныс өнеркәсібінде Түркияны өзіне «мұқтаж» деп ойлайтын бір түсінік, өз дәуірінен артта қалды» деді.

«Түркияның ұстанымына кез-келген бір елдің санкция шешімі ықпал ете алмайды» деп мәлімдеген Вице-президент Фуат Октай «АҚШ тарапынан қабылданған санкция шешіміне қарсы президентіміздің басшылығымен қорғаныс өнеркәсібі саламызда басатын табанды қадамдарымыз одан әрі жалғаспақ» деді.

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу «Санкция шешімін назарға алмаймыз. Бұл біздің ұлттық мәселеміз, абыройлы тұрысымыз» деді.

Республикашыл Халық партиясы (РХП) тобы төраға орынбасары Энгин Алтай «РХП ретінде үкіметке оларды елемеңіз, санкцияларын қолыңызбен итеріп жіберіңіз. Ешқандай ымыраға келмеңіз. Түркияға АҚШ-тың қамқорлығы қажет емес» деді.

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын «Түркия Қорғаныс өнеркәсібі нысаналарына қол жеткізу үшін табанды түрде қадамдарын басатын болады» деді.

АҚШ Ресейден S-400 әуе қорғаныс жүйесі сатып алғаны себепті Түркияға кейбір санкцияларды іске қосуға шешім қабылдаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар