Түркия Грекияға үндеу тастады

Түркия Грекия мен Түркия арасындағы болған  мәселелердің үстелге тоырып, ынтымақтастық және диалог арқылы шешуге болатынын білдірді.

1540609
Түркия Грекияға үндеу тастады

Сыртқы істер министрі Хами Аксой Грекия баспасөзінде шыққан Түркияның Еуропа Одағы саммиті қарсаңында Эгей және Жерорта теңіңіздегі әскери әрекеттерін арттыратыны жайлы хабарлар жөніндегі сұраққа жауап берді.
Бұл хабарлардың шындыққа үйлеспегенін білдірген Аксой былай деді: "Керісінде Грекия 20 қазан күнінен бастап, Эгей және Жерорта теңіңізде 24 әскери әрекет жасайтынын хабарлап, аймақта айтақтаушы және дағдарысты ушықтыратын әскери әрекеттерін жалғастыруда".
Грекияның 9 қазаннан осы таңға дейін НАТО әскери органдары тарапынан ұйымдастырылған жиналыстарға да қатыспағанына назар аударған Аксой "Грекия Түркиямен болған мәселелерді басқаларынан үміт күту арқылы  емес, Түркиямен үстелге отырып ынтымақтастық және диалог арқылы шешуге болады" деген сөздер қолданды. 




 



Ұқсас жаңалықтар