Түркияда бір тәулікте 116 кісі қайтыс болды

Індеттің басынан бері қаза тапқандар саны 11 мың 820 кісіге жетті.

1530136
Түркияда бір тәулікте 116 кісі қайтыс болды

Түркияның жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індетімен күресте соңғы 24 сағатта 116 адам қайтыс болды. 

Індеттің басынан бері қаза тапқандар саны 11 мың 820 кісіге жетті.

Бір күн ішінде 158 мың 811 сынама жасалып, 4 мың 215 жаңа диагноз қойылды. 

Ауруханадан сауығып шыққан 2 мың 592 адамды қосқанда індеттен сауыққандардың жалпы саны 361 мың 655 адамға көбейді.



Ұқсас жаңалықтар