Бір тәулікте 103 адам қайтыс болды

Түркия уақытымен сағат 10.00-20.00 сыртындағы уақытта көшеге шығу шектеледі, мектептер жыл соңына дейін жабылады.

1529490
Бір тәулікте 103 адам қайтыс болды

Түркияның жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індетімен күресте соңғы 24 сағатта 103 адам қайтыс болды. 

Індеттің басынан бері қаза тапқандар саны 11 мың 697 кісіге жетті.

Бір күн ішінде 156 мың 692 сынама жасалып, 3 мың 819 жаңа диагноз қойылды. 

Ауруханадан сауығып шыққан 2 мың 688 адамды қосқанда індеттен сауыққандардың жалпы саны 359 мың 63 адамға көбейді.

Сонымен бірге астана Анкарадағы Министрлер Кабинеті жиналысынан кейін індетке бағытталған жаңа шараларды жариялаған президент Режеп Тайып Ердоған мектептерде білім берудің жылдың соңына дейін ұзақтан жалғастырылатынын, апта соңы Түркия уақытымен сағат 10.00-20.00 сыртындағы уақытта көшеге шығу шектелетінін, сауда орталықтары, маркет, шаштараз сияқты кәсіпорындардың жұмыс уақыты осы сағаттар арасында жалғасатынын, барлық спорттық жарыстардың көрерменсіз ойналатынын, кинотеатрлардың жылдың соңына дейін жабылатынын, асханалардың  тамақты тек қана пакетпен жеткізетінін хабарлады.    

 



Ұқсас жаңалықтар