Президент ту тапсыру рәсіміне қатысты

Ердоған 41-ші десанттар бригадасы басшылығы Ту тапсыру рәсімінде сөз сөйледі.

1527304
Президент ту тапсыру рәсіміне қатысты

Президент Режеп Тайып Ердоған түрік армиясының ешбір жасағының туының соңғы әскері жан бермей жерге құламағанын айтты.

Ердоған Текирдагдағы Чорлу ауданы 105-ші артиллериялық полк қолбасшылығы тарапынан ұйымдастырылған 41-ші десанттар бригадасы басшылығы Ту тапсыру рәсімінде сөз сөйледі.

Ердоған «Әскерлік қызметте тудың мағынасын, маңыздылығын, қажет кезінде қанмен  қорғау керек құтты аманат екенін сіздер өте жақсы білесіздер» деді.  «Түрік ордасының ешбір жасағының туы соңғы әскер жан бермей жерге құлаған емес» деді ол.

Түрік Қарулы күштерінің әрбір әскерінің, әрбір жасағының жеңістің бір бөлшегі екенін білдірген президент былай деді: «Әрбір майданның алғы шебінде күрескен, әлемге өлімді қорқытудың не екенін көрсеткен арнайы жасақ десанттардың ұлтымыздың көңілінде ерекше орны бар.  Сіздер – еліміздің болашағы мен тәуелсіздігінің ең үлкен кепілі екеніңізді шайқастарда көрсеткен қаһармансыздар. Кімде кім Отан жеріне,  байраққа, азанға көз тіксе, десанттардың қолынан өлім келетінін білсін. Жорығыңыз мүбарак,  жолыңыз ашық болсын! Атыстарыңыз дәл, жеңісіңіз көп болсын! Алла қолдасын!»



Ұқсас жаңалықтар