Түркия Ұлттық келісім үкіметіне жалғасты жәрдем береді

Хулуси Акар Ливияда халықаралық ұйымның қолдауына ие болған Ұлттық келісімін үкіметіне жалғасты қолдау беретіндерін білдірді.

1484746
Түркия Ұлттық келісім үкіметіне жалғасты жәрдем береді

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Ливияда халықаралық ұйымның қолдауына ие болған Ұлттық келісімін үкіметіне жалғасты қолдау беретіндерін білдірді. 

Акар Бас штаб басқармасы төрағасы генерал Яшар Гүлер және қолбасшылармен бірге   Әуе күштерінің жаңа оқу-жаттығу ұшу жылының ашылу рәсіміне қатысты. 

Бұл жерде сөйлеген сөзінде Ливиямен тарихи байланыстың болғанын түсіндірген Акар "Біздің Ливиямен 500 жылдық ортақ тарих және мәдениетіміз бар. Осы қиын күндерде олармен бірге болуымыз керек. Әскери жаттығу, ынтымақтастық, селбесу және жәрдемдесу тақырыбында Ұлттық келісім үкіметімен келісім жасадық. Ұлттық келісім үкіметі Ливияда Біріккен Ұлттар Ұйымы тарапынан танылған жалғыз заңды үкімет болып табылады" деді. 

Ливияның шығысындағы төңкерісшіл Хафтерге қарасты заңсыз қарулы сарбаздармен күресуде Ұлттық келісім үкіметінің Түркияның жәрдемдерімен ілгерілегенін баяндаған Акар бұдан кейін де Ұлттық келісім үкіметіне жалғасты жәрдем беретіндерін білдірді. 

Ливияда ұлттық келісім үкіметтің қарсы жағындағы заңсыз күштерге көптеген жердем берілгенін меңзеген Акар "Бұлардың барлығын байқаудамыз. Бұлардың кейбіреулері шабуыл жасады. Оқиғаны қадағалап отырмыз. Қаңтар айында ливиялық  26 қарусыз әскер шейіт болды. Бұлардың бәрі анықталды. Қажетті болған жағдайда тойтарыс беріледі "деген сөздер қолданды. 

 



Ұқсас жаңалықтар