"Оруч Реис" кемесі зерттеуді жалғастыруда

Түрік Теңіз күштеріне қарасты фрегат пен корветтер "Оруч Реис" кемесін қорғау міндетін атқаруда.

1476500
"Оруч Реис" кемесі зерттеуді жалғастыруда

Ұлттық Қорғаныс министрлігі Түрік Теңіз күштеріне қарасты фрегат пен корветтердің Түркияның Шығыс Жерорта теңізіндегі құқықты алаңдарда зерттеу жүргізген "Оруч Реис" кемесіне атқосшы болу және қорғау міндетін берік сеніммен жалғастырғаны білдірілді.

Ұлттық Қорғаныс министрлігінің Твиттер желісінен жасалған мәлімдемеде:

"Түрік Теңіз күштеріне қарасты фрегат пен корветтер Түркияның Шығыс Жерорта теңізіндегі құқықты су айдынында зерттеу жүргізген "Оруч Реис" кемесіне атқосшы болу және қорғау міндетін берік сеніммен жалғастыруда" деп жазылды.

Мәлімдемеде "Оруч Реис" кемесін қорғайтын Түрік Теңіз күштері қызметкерлерінің суреттері де бөлісілді. 



Ұқсас жаңалықтар