Түрік компаниялары әлемнің беделді тізімінде

Исмаил Демир компанияларды құттықтады.

1474395
Түрік компаниялары әлемнің беделді тізімінде

Президенттік аппараттың жанындағы Қорғаныс өнеркәсібі басқармасының төрағасы Исмаил Демир әлемнің ең беделді қорғаныс өнеркәсібі тізімі деп қабылданған "Defense News Top 100"- дегі түрік компаниясы санының жетіге көтерілгенін білдірді.

Демир осы тақырыпта жариялаған жазбасында ASELSAN, TUSAŞ, ROKETSAN, STM Қорғаныс технологиялары инженерлік компаниясы, HAVELSAN, FNSS Қорғаныс және  BMC-дің әлемнің ең беделді қорғаныс тізімінде орын алғанын жазды.

«Ұлттық қорғаныс өнеркәсібіміз күн өткен сайын өсуде. «Defence News» журналының әлемде ең беделді компаниялар тізіміне жеті түрік компаниясы енді.  Төрт жыл бұрын тізімде екі компаниямыз ғана бар еді. Тізімде орын алған компанияларымызды құттықтап, табыстарының жалғасуын тілеймін» деп жазды ол.



Ұқсас жаңалықтар