Ердоған вирустан кейін санамыз да жаңаратынын айтты

Президент Ердоған коронавирус эпидемиясынан құтылғаннан кейін саналардың да қайта қалыптасу процесіне кіретінін айтты.

1416076
Ердоған вирустан кейін санамыз да жаңаратынын айтты

Президент Режеп Тайып Ердоған жаңа типті коронавирус (Сovid-19) эпидемиясынан құтылғаннан кейін саналардың да қайта қалыптасу процесіне кіретінін айтты.

Әділет және даму партиясы Орталық атқару кеңесі президент және партия лидері Режеп Тайып Ердоған төрағалығында бас қосты.

Жиналыс эпидемиямен күресте жасалған сақтық шаралары аясында видео конференция арқылы өтті.

Президент Ердоған жиналыстағы сөзінде Сovid-19 эпидемиясы сақтық шараларына байланысты:

"Эпидемиямен күресті табысты жүргізіп жатырмыз. Жаңа науқас саны, өлім-жітім саны, жан сақтау бөлімінде жатқан және жасанды тыныс алу жиһазына тәуелді науқас саны тұрғысынан жақсы беталысқа қарай ілгерлеп барамыз" деді.

"Әлем көлемінде бұл індеттің тамыры қазылмаса, әрқашан қырағылықты жалғастыруымыз шарт" деген Ердоған:

"Эпидемиядан құтылғаннан кейін тек жаһандық саяси және экономикалық қарым-қатынастар ғана емес, саналар да қайтадан жаңару процесіне кіреді" деген бағаландыру жасады.



Ұқсас жаңалықтар