АҚШ-қа екінші жәрдем ұшағы жетті

АҚШ-қа Түркиядан медициналық жәрдем материалдарын тасымалдаған екінші әскери жүк ұшағы астана Вашингтонға барды.

1409119
АҚШ-қа екінші жәрдем ұшағы жетті

Түркияның жәрдем қолы АҚШ-қа дейін созылды.

Жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індетінен ауыр әсерге ұшыраған елдердің бірі АҚШ-қа Түркиядан медициналық жәрдем материалдарын тасымалдаған екінші әскери жүк ұшағы астана Вашингтонға барды.

Президент Режеп Тайып Ердоғанның тапсырмасымен медициналық жәрдем материалдарын тасымалдаған Түрік Қарулы Күштеріне қарасты С-130 типті әскери тасымал ұшағы астана Вашингтон маңындағы Joint Base Andrews әскери әуежайына қонды.

Әуежай базасына түсірілген жәрдем құтыларының үстіне Президенттік сарайдың нышаны, Түрік және Америка байрағы түсірілген, сонымен бірге Мәулананың "Үмітсіздіктен кейін қаншама үміттер туады. Қараңғы түннен кейін қаншама таң атады" деген сөзі түрікше және ағылшынша жазылған.

Сейсенбі күні жолданған алғашқы жәрдемде болғанындай, құтыларда медициналық маска, бетті қорғайтын қалқан, Н95 маска, қорғаушы киім және көзәйнек сияқты көптеген алдын алуға арналған денсаулық сақтау материалдары бар. 

Түркияның коронавирус індетімен күресу үшін барлық мүмкіндіктерімен жәрдем қолын созған ел саны 56-ға жетті.



Ұқсас жаңалықтар