Түркия Оңтүстік Африка Республикасына медициналық көмек жолдады

Ұлттық Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады.

1408161
Түркия Оңтүстік Африка Республикасына медициналық көмек жолдады

Түркия Сovid-19 эпидемиясымен күрес аясында Оңтүстік Африка Республикасына медициналық көмек жолдады.

Ұлттық Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесіне қарағанда жаңа тип коронавируспен күрес аясында Оңтүстік Африка Республикасына медициналық көмекті тасымалдайтын ұшақ Кайсери қаласынан көтерілді.

Мәлімдемеде жәрдем материалдарының президент Режеп Тайып Ердоғанның тапсырмасымен Түрік Қарулы күштеріне тиесілі А-400M әскери жүк ұшағымен жолданғаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар