Түркия Ұлыбританияға екінші медициналық көмек жолдады

Ұлттық Қорғаныс министрлігі көмектің жолға шыққанын мәлімдеді.

1396408
Түркия Ұлыбританияға екінші медициналық көмек жолдады

Түркия жаңа тип коронавируспен (Сovid-19) күреске қолдау мақсатты бүкіл әлемде эпидемиядан ең көп зардап шеккен елдерге медициналық көмек жолдауда. Бұл аяда Ұлыбританияға екінші медициналық көмек пекеттері жолға шықты.

Ұлттық Қорғаныс министрлігі президент Режеп Тайып Ердоғанның тапсырмасымен "Сovid-19" эпидемиясымен күрес аясында қолданылатын медициналық көмектің екінші бөлігінің бүгін Ұлыбританияға жолданғанын мәлімдеді.

Денсаулық сақтау министрлігі дайынаған N95 маскалар мен арнайы сақтандыру киімдерінен тұратын көмек бас қала Анкарадағы Этимесгут әуе жайынан «A400M» типі әскери жүк ұшағымен жіберілді.

Ұшақтағы пакеттерідің үстінде түрік және ағылшын тілдерінде Мәулана Джелалледдин-и Румидің «Үмітсіздіктің артында қанша үміт бар. Түнектің артында қанша күн бар» сөздеріне орын берілді.

Түркия Ұлыбританияға өткен жұма күні де медициналық көмек пакеттері жолдаған еді.



Ұқсас жаңалықтар