Иракта PKK-лық 5 террорист залалсыздандырылды

Түрік Қарулы күштері Зап аймағында анықталған террористтерге операция жасады.

1383053
Иракта PKK-лық 5 террорист залалсыздандырылды

Ирактың солтүстігінде PKK-лық 2 террорист әуе операциясымен залалсыздандырылды.

Ұлттық Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде Ирактың солтүстігінде Зап аймағына әуеден қолдау берілген бір  операция басталғанын атап көрсетті.

Мәлімдемеде «Барлау және бақылау арқылы анықталған сепаратистік террор ұйымының мүшесі 2 PKK-лық террорист әуе операциясымен залалсыздандырылды. Операцияларымыз үздіксіз жалғасуда» делінді.

Ұлттық Қорғаныс министрлігі Сирияда «Бейбітшілік бұлағы операция» аймағына кіруге әрекет жасаған PKK/YPG-лік 3 террористің залалсыздандырылғанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар