Йеменге көмек акциясы

Түрік Қызыл жарты ай қоғамы пакет таратуда.

1344119
Йеменге көмек акциясы

Түрік Қызыл жарты ай қоғамы Йеменнің Қызыл жарты ай қоғамымен бірлесіп, 7 қалада 3 мың азық пакеті мен 3 мың оқушы сөмкесін таратты.

Түрік Қызыл жарты ай қоғамының Йемендегі өкілі Аднан әл Хадж акцияның Дали қаласында кеше басталғанын білдіріп,  500 азық-түлік пакетімен бірге жетім балаларға 500 сөмке таратылғанын айтты.

Көмек акциясы шеңберінде 3 мың азық-түлік пакеті мен оқушыларға арналған 3 мың сөмке таратылады. Акция Йеменнің Дали,  Аден,  Лахич, Ебиен, Хадремвт, Таиз және Мариб қалаларын қамтиды.

Дали уәлаят әкімінің орынбасары Иад Салих Түркияның көмегі үшін алғыс айтты.



Ұқсас жаңалықтар