Министр Мевлүт Чавушоғлу Грекияны сынға алды

Сыртқы істер министрі Грекияның Халифа Хафтерді құпия түрде еліне шақыруын сынға алды.

1343282
Министр Мевлүт Чавушоғлу Грекияны сынға алды

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Ливияның шығысында көтерілісшіл қарулы күштердің басшысы Халифа Хафтерді Грекияның құпия үрде күтуінің бейбітшілік талпыныстарына залал келтіру еген мағынаға келгенін атап көрсетті.

Министр Чавушоғлу тақырыппен байланысты твиттерден жасаған мәлімдемеде грек-понти жұбының Шығыс Жерорта теңізінде максималист қауесеттермен көрші елдердің құқығын бұзғанына назар аударды.

Чавушоғлу бұл қауесеттерді Еуроодақты да қолдану арқылы заңдастыруға тырысқанын білдірді.

Сыртқы істер министрі бұл әрекеттердің аймақтық бейбітшілік пен тұрақтылыққа зиян келтіргенін атап, «Мұның соңғы мысалы Ливия. Ливиядағы заңды үкіметпен жасаған екі жақты келісім-шарт Грекияны үрейлендірді» деді.

Чавушоғлу Грекияның келіссөздің орнына Ливияда заңды үкіметпен қарым-қатынасты  тоқтатқанын білдірді.

Чавушоғлу «Өкінішке орай ‘дұшпанымның дұшпаны менің досым’ деген түсінікпен қозғалуда. Негізінде мұның арғы жағында өздерінің теңіз жауапкершілік алаңы тақырыбындағы қауесеттерін Ливияға да мойындату мақсаты басым. Өткен жылдары Кириттің оңтүстігінде Ливияның құқығы мен мүддесін кепілдікке алғандай мұнай мен табиғи газ іздеу еркіндігі алаңдарын белгілеген болатын. Бұл жағдай Ливия заңды үкіметін өз құқығын қорғау үшін бізбен келіссөз мәтініне қол қоюға жеткізді. Грекияның Хафтерді еліне шақыруы өзінің ұлттық күн тәртібін алға шығарып, Ливияда бейбітшілік ізденісі бастамаларын әлсіретуді көздейді. Бұл талпыныстардың бекер екенін грек достарымызға ескерткім келеді» деді.

Германияның Берлин қаласында 19 қаңтар күні ұйымдастырылатын Ливия тақырыпты конференция алдында Грекияға «құпия түрде» сапар шеккен Хафтер Афиныда премьер-министр Кирякос Мичотакис және Сыртқы істер министрі Никос Дентиаспен кеше бас қосқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар