Ердоған Швейцарияға барды

Ердоған Женевада ұйымдастырылатын Жаһандық босқындар форумына қатысу үшін Швейцарияға барды.

1324066
Ердоған Швейцарияға барды

Ердоған Швейцарияға барды.

Президент Режеп Тайып Ердоған Швейцарияның астанасы Женевада ұйымдастырылатын Жаһандық босқындар форумына қатысу үшін Швейцарияға барды.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Босқындар жоғары коммисариаты және Швейцарияның  үй иелігінде 16-17 желтоқсанда ұйымдастырылатын форумға Ердоған Біріккен Ұлттар Ұйымы Босқындар жоғары коммисариаты басшысы Филиппо Грандинің шақыруы бойынша тең төраға ретінде қатысуда.  

Ердоған Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысы Антониу Гутерреш де қатысатын форумның ашылуы сессиясында баяндама жасайды.

Форумға көптеген елдің жоғары дәрежелі басшылары, жекеменшік кәсіп саласының өкілдері, халықаралық және азаматтық ұйымдардың өкілдері мен босқындар өкілдері қатысуда.

Президент Режеп Тайып Ердоған  форум аясында кейбір елдердің басшыларымен кездесу өткізеді.



Ұқсас жаңалықтар