Ердоған АҚШ-қа аттанар алдында мәлімдеме жасады

Ердоған АҚШ сапары барысында FETÖ мәселесін де қолға алатынын білдірді.

1305008
Ердоған АҚШ-қа аттанар алдында мәлімдеме жасады

Ердоған АҚШ-қа аттанар алдында мәлімдеме жасады.

Президент Режеп Тайып Ердоған Америка Құрама Штаттары сапары барысында Фетуллахшы террористік ұйымы FETÖ мәселесін де қолға алатынын білдірді.

Президент Ердоған Анкара Есенбоға әуежайында АҚШ-тың астанасы Вашингтонға аттанар қарсаңында баспасөз жиналыс өткізді.

FETÖ басшысының қайтарылуына тоқталған Ердоған «Фетуллахшы террористік ұйымы FETÖ басшысының елімізге қайтарып берілуі үшін осы таңға дейін бірқатар қадам бастық. Барлық төңкерісшілер сотқа тартылуы керек» деді.

Ердоған «Қарым-қатынастарымызда кірбеңдік болуына қарамастан АҚШ президенті Дональд Трамппен мәселенің шешілуі және қарым-қатынастарымыздың қалыпқа түсуі тақырыбында бірдей көз қараста болдым» деді.

Бөлшектеуші террористік ұйымы YPG/PKK мүшесі Ферхат Абди Шахиннің бір террорист екенін, америкалық лауазым иелерінің бұндай бір террористпен кездесулерінің қате екенін дәлелдермен баяндайтындарын айтқан Ердоған «Террормен күресу басты тақырып болады» деген сөздер қолданды.

Президент Ердоған Еуропа Одағының Түркияның Шығыс Жерорта теңіздегі жұмыстарымен байланысты тұғырын сынға тартты.

 



Ұқсас жаңалықтар