Түркия өз соғыс ұшақтарын өндіреді

Президент Режеп Тайып Ердоған отандық соғыс ұшақ жұмыстарын тездетінін айтты.

1300766
Түркия өз соғыс ұшақтарын өндіреді

Түркия өз соғыс ұшақтарын өндіреді.

Президент Режеп Тайып Ердоған АҚШ F-35 соғыс ұшақтарының альтернативасы ретінде отандық соғыс ұшақ жұмыстарын тездетінін айтты.

Президент, Әділет және даму партиясы төрағасы Режеп Тайып Ердоған партиясының Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі топтық жиналысында сөз сөйледі.

Қорғаныс өнеркәсібінде жергілікті соғыс ұшақтарының деңгейін 20 пайыздан 70 пайызға шығаратындарын баяндаған Ердоған «Экономикамызды да өсірдік. Әлемнің 13-ші үлкен экономикасы болдық» деді.

Америка Құрама Штаттарының Түркияға әуе қорғаныс жүйесін сатпауына орай бұл қажеттілікті Ресейден қамтамасыз еткендерін білдірген Ердоған «Америкалықтар жобасында болған F-35 соғыс ұшақтарды бізге бергісі келмеді. Біз де өз соғыс ұшақтарымыздың өндіріс жұмыстарын тездеттік. Альтернатива ұшақтарды да зерттей бастады. Әрбір нәрсенің альтернативасы бар» деген сөздер қолданды.



Ұқсас жаңалықтар