Акар, Фидан және қолбасшылар түнде бас қосты

Азанға дейін жалғасқан жиналыста Бейбітшілік бұлағы операциясындағы соңғы жағдайлар және аймақтағы оқиғалар талқыланды.

1287750
Акар, Фидан және қолбасшылар түнде бас қосты

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Түрік Қаруы Кұштерінің қолбасшылық лауазымдылары және Ұлттық Хабар алу ұйымының төрағасы Хакан Фидан кеше түнде министрлікте өткізілген жиналыста бас қосты.

Азанға дейін жалғасқан жиналыста Бейбітшілік бұлағы операциясындағы соңғы жағдайлар және аймақтағы оқиғалар талқыланды.

Армия қолбасшылықтарының операция орталықтары және аймақтағы жасақтардың қолбасшыларымен видеолы конференция жолымен өткен жиналыста операция алаңдарынан келген соңғы көріністер мұқият зерттелді. 

Хулуси Акар алынған шұғыл мәліметтер көлемінде бұйрықтар берді. 

Операцияның табыспен жүргізілуі үшін америкалық және орыс әріптестерімен де сатылы түрде өзара мәлімет алмастырылды.



Ұқсас жаңалықтар