Операцияда шейіт саны үшке жетті

Сирияның Алеппо қаласына қарасты Азез ауданы маңында екі әскер шейіт болды.

1286615
Операцияда шейіт саны үшке жетті

Түрік Қарулы күштерінің Сирияда Евфрат өзінінің шығысындағы операциясында тағы бір қайғылы хабар келді.

Сирияның Алеппо қаласына қарасты Азез ауданы маңында екі әскер шейіт болды.

Аймақтағы Түрік Қарулы күштер базасына сепаратистік PKK/PYD бақылауындағы Тель-Рыфаттан шабуыл жасалды.  Снаряд келіп құлаған базадағы 6 әскер жарақат алды.  Жаралы әскерлер Килис қаласындағы ауруханаға жеткізілді.

Ауруханада екі әскер шейіт болып, осылайша Бейбітшілік бұлағы операциясы барысында шейіт болған әскер саны үшке жетті.



Ұқсас жаңалықтар