Ердоған мен Трамп Сирия мәселесін талқылады

Президент Режеп Тайып Ердоған мен Америка Құрама Штаттары президенті Дональд Трамп телефонда Сирия мәселесін талқылады.

1282827
Ердоған мен Трамп Сирия мәселесін талқылады

Президент Режеп Тайып Ердоған мен Америка Құрама Штаттары президенті Дональд Трамп телефонда Сирия мәселесін талқылады.

Коммуникация басқармасының хабарламасына қарағанда,  Ердоғанның Трамппен телефондағы әңгімесінде Сирияда Евфрат өзенінің шығысында құрылуы жоспарланған сенімді аймақ жөнінде көзқарас алмасылды.

Телефон әңгімесінде президент Ердоған Сирияда террор ұйымдары PKK/PYD және ДАИШ-ке қарсы күресті жалғастыруда табанды Түркияның аймақта тағы бір рет осындай проблема болмауы үшін барлық шараны қолданатынын атап көрсетті.  АҚШ әскери және қауіпсіздік лауазым иелерінің екі ел арасындағы келісімді орындамауына деген мазасыздықты тілге тиек етті.

Екі басшы алдымыздағы ай Вашингтонда кездесуге шешім берді.

Ақ Үй «Түркия жақын уақытта Сирияның солтүстігіне көп уақыттан бері жоспарланған операцияны бастайды.  АҚШ Қарулы күштері осы операцияға қолдау бермейді немесе осы операцияға қосылмайды» деп хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар