Хулуси Акар Сирия тақырыбына тоқталды

Министр Хулуси Акар Сирияның солтүстігін террордан тазалауға бел байлағанымызды қайталады.

1280648
Хулуси Акар Сирия тақырыбына тоқталды

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Америка Құрама Штаттарымен жалғасып жатқан Сирияның шығысында қауіпсіз аймақ базасын құруға байланысты:

"Дайындықтарымызды жасадық. Қажет болып жатса өзіміз жалғастырамыз" деді. 

Хулуси Акар, Бас Штаб төрағасы генерал Яшар Гүлер және әскери қолбасшылармен бірге Стамбұлда Ұлттық Қорғаныс университетінің 2019-2020 Білім беру және оқыту жылының беташар рәсіміне қатысты.

Беташардағы сөзінде қауіпсіз аймақ құру тақырыбына тоқталған Акар Түркияның Евфраттың шығысында 30-40 километрлік тереңдікте шекараны жағалатып ауыр қарулар мен террористерден тазаланған қауіпсіз аймақ, бейбітшілік дәлізінің құрылуы мәжбүр қажеттілік болғанын айтты.

АҚШ-пен келіссөздерді және ортақ жұмыстарды Түркияның мақсатымен нысаналарына үйлескен жағдайда жалғастыратындарын білдірген Акар:

"Тостыру, кешіктірулер болса бұл жұмыс тоқтайды. Біз белді бекем байладық. Дайындықтарды жасадық. Қажет болып жатса өз күшімізге сүйенеміз. Екінші және үшінші жобаларымыз да бар. Президентіміздің айтқанындай, Сирияның солтүстігінде террористер дәлізін құруға әсте жол бермейміз, мұны банша білсін. Басты нысанамыз Сирияның солтүстігінде ПКК/ПИД/ИПГ террор болмысын жою. Бейбітшілік дәлізін құру жолымен еліміздегі сириялық бауырластарымыздың өз еліне, өз үйлеріне қайтуына мүмкіндік жарату" деп баса дәріптеді.



Ұқсас жаңалықтар