Соңғы операцияларда 3 террорист залалсыздандырылды

Шырнактың Идил ауылдық аймағында жасалған әуе операциясында 3 террорист залалсыздандырылды.

1276088
Соңғы операцияларда 3 террорист залалсыздандырылды

Ішкі істер министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда ішкі қауіпсіздік операциялары аясында Қалалық Жандармерия қолбасшылығы Шырнактың Идил ауылдық аймағына әуе операциясы ұйымдастырды.

Операцияда 3 террорист залалсыздандырылды.

Ішкі істер министрлігі 21 қыркүйек күні бастаған «Кыран-3 операциясы» барысында екеуі іздеу салынған террористке қоса барлығы 16 террористті залалсыздандырды.

Мәлімдемеде 17 тамыз күні Хаккари-Ван-Шырнак арасында басталған Кыран-1, 27 тамыз күні Мардин-Батман-Шырнак арасында басталған Кыран-2 және 21 қыркүйекте Сиирт пен Шырнакты қамтыған Кыран-3 операцияларында қазірге дейін 43 террористтің залалсыздандырылғаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар