Сыртқы істер министрі «S-400» жүйесі жайлы сұраққа жауап қайтарды

«Кезең осыдан кейін үздіксіз жалғасады».

1234870
Сыртқы істер министрі «S-400» жүйесі жайлы сұраққа жауап қайтарды

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Ресейден сатып алынған «S 400» Ұзақ атымды Аймақтық әуе және зымыран жүйесі бүгін қабылдана бастағанын атап, «Кезең осыдан кейін үздіксіз жалғасады» деді.

Мевлүт Чавушоғлу ресми сапармен Анкараға келген Швейцария Сыртқы істер министрі Игназио Кассиспен оңаша және делегация аралық кездесуінің артынан ортақ баспасөз жиналысы өткізді.

«S 400» Ұзақ атымды Аймақтық әуе және зымыран қорғаныс жүйесінің алғашқы құрылғыларының Мүртед әскери әуе базасына келгені жайлы бір сұраққа қайтарған жауабында Чавушоғлу «Қол қойылған бір келісім мен процес аясында қабылдау басталды. Біз осы жұмыстарды ұйымдастырудамыз. Ұшу-қону рұқсаты, келетін қызметкерлердің рұқсаты және осы тақырыптармен байланысты кезеңдер жалғасуда. Ұлттық Қорғаныс министрлігіміз қажетті мәлімдемені жасады. Кезкелген бір мәселе жоқ. Кезең осыдан кейін үздіксіз жалғасады» деді.



Ұқсас жаңалықтар