Қорғаныс жүйесінің тапсырылуы ісі жалғасуда

Осы тақырыптағы жауапкершілік Ұлттық Қорғаныс министрлігінде.

1232032
Қорғаныс жүйесінің тапсырылуы ісі жалғасуда

Президент Режеп Тайып Ердоған Ресейден сатып алынған әуе қорғаныс жүйесі S-400-дің Түркияға тапсырылуы үшін істің жалғасып жатқанын білдірді.

Ердоған Босния және Герцоговинаның бас қаласы Сараевоға аттанбастан бұрын Ататүрік әуежайында журналистердің сұрақтарына жауап берді.

«Қазір дайындық жалғасуда. Қорғаныс жүйесі тиелуде. Біздің орыстармен келіскен даталарымыз бар.  Орналастыру жоспары,  қайда құрылады,  осы тақырыптағы жауапкершілік Ұлттық Қорғаныс министрлігі мен Бас штаб басқармасында. Еліміз үшін, әлем үшін қайырлы болсын» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар