Соңғы 1 аптаның ішінде 11 террорист залалсыздандырылды

Террормен күрес операциялары үздіксіз жалғасуда.

1226315
Соңғы 1 аптаның ішінде 11 террорист залалсыздандырылды

Бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ға бағыттап ел көлемі мен шетелде жүргізілген операциялар жалғасуда.

Тунджелиде соңғы бір аптада жасалған операцияларда 11 террорист залалсыздандырылды.

Губернаторлықтан жасалған мәлімдемеде осы террористтер арасында ұйымның жауапкерлері бар екеніне назар аударылды.

Мәлімдемеде 1 террористің басына 600 мың, 4 террористің басына болса 300 мың лира бәйге тігілген Іздеу салынған қылмыскерлер тізімінде орын алғаны атап көрсетілді.

Ұлттық Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде болса Пенче операциясымен паралеллді түрде Ирактың солтүстігіндегі Хакурк пен Зап аймақтарына жасалған әуе операциясында 2 террористің залалсыздандырылғаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар