Сыртқы істер министрі Лавровтан шабуылдардың тоқтатылуын сұрады

Асад әкімшілігі мен қолдаушысы Ресейдің Идлибке бағытталған шабуылдары артқан еді.

1198513
Сыртқы істер министрі Лавровтан шабуылдардың тоқтатылуын сұрады

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтан Сирияның Идлиб аймағындағы шабуылдардың тоқтатылуын сұрады.

Дипломатиялық ақпарат көздерінен алынған мәліметке қарағанда,  министрі Чавушоғлу кеше орыс әріптесі Лавровтан Идлибтегі шабуылдардың тоқтатылуын сұрады.  Осыған орай Лавров Идлибте кеше таңертең шабуылдардың тоқтағанын айтты.

Соңғы кезде Асад әкімшілігі мен қолдаушысы Ресейдің Идлибке бағытталған шабуылдары артқан еді.

Түркия мен Ресейдің кепілгерлігіндегі Астана үрдісінде қақтығысты баяулату аймағы болған Идлибте әкімшілік пен қолдаушыларының шабуылдарында мыңдаған адам елінен кетуге мәжбүр болды.



Ұқсас жаңалықтар