Ағылшындардың таңдауы - Түркия

Ағылшын туристтер демалыс үшін Түркияға келеді.

1192090
Ағылшындардың таңдауы - Түркия

Әлемдегі ең ірі авиакомпания және саяхат фирмаларының бірі Thomas Cook ағылшын туристтердің бір демалыс үшін Еуропа Одағы елдерінен тыс бірінші таңдауының Түркия екенін хабарлады.

BBC-де жарияланған хабарға қарағанда ағылшындар ең көп Испаниядан орын брондап қойды.  Екінші кезекте Түркия бар.

Түркия Еуропа Одағына мүше Грекиядан асып түсті.

Cook  биыл ағылшын туристтердің 48 пайызының Еуропа тысындағы елдерге бағытталғанын білдірді.

2019 жылдың жаз маусымында ағылшындар таңдаған елдердің көшін Испания бастайды.  Артынан Түркия, үшінші орында Грекия,  артынан Америка Құрама Штаттары мен Кипр келеді.



Ұқсас жаңалықтар