Ердоған Пасха мерекесіне орай христиан азаматтарды құттықтады

Президент Режеп Тайып Ердоған христиан азаматтардың Пасха мерекесін құттықтады.

1187463
Ердоған Пасха мерекесіне орай христиан азаматтарды құттықтады

Президент Режеп Тайып Ердоған түрліше шіркеу және топтарға қарасты христиан азаматтардың Пасха мерекесін құттықтады.

Президент Коммуникация басқармасынан жасалған мәлімдемеге қарағанда президент Ердоған Пасха мерекесіне орай мәлімдеме жариялады.

Ердоған мәлімдемесінде: "Түрліше шіркеу және топтарға қарасты христиан азаматтарымызды ең маңызды мерекелерінің бірі Пасха мерекесіне орай шынайы тілекпен құттықтаймын. Кеңпейілділік, өзара сүйіспеншілік, құрмет және ұйымшылдық, өзгешеліктерді байлық деп есептейтін тұғыр әлемде бейбітшіліктің, тыныштықтың және байлықтың негізі болып табылады" деп баса көрсетті. 

Ердоған мәлімдемесінде: "Ғасырлар бойы береке-бірлігімізді осы түсінікпен бекемдеген біздер үшін барлық азаматтарымыздың мәдениет, дін және дәстүрлерін еркін орындауы өте маңызды. Пасха мерекесіне орай христиан азаматтарымызды қамтыған барлық христиандарға шынайы тілегімді ұсынамын, мерекелерінің көңілді болуын тілеймін" деді.



Ұқсас жаңалықтар