"Аналардың көзінен бір тамшы жастың ағуына төзімім қалмады"

Ердоған: "Бұл мемлекет, бұл ту, бұл азан, бұл отан баршамызға тән".

1161363
"Аналардың көзінен бір тамшы жастың ағуына төзімім қалмады"

Елбасы Режеп Тайып Ердоған бөлшектеуші террористтік ұйым ПКК тарапынан балалары алып қашырылған аналардың көз жастарын көруге  шыдамы қалмағанын айтты.

Шырнакта азаматтарға "Бөлшектеу және бөле қарауды жоямыз" деп үн қатқан Ердоған:

"Бұл мемлекет, бұл ту, бұл азан, бұл отан баршамызға тән. Бір ұлтпыз. Бұл отанда өмір сүріп жатқан барша азаматтар этникалық тегіне қарамай,  бір ұлт болып табылады. Бір ту дейміз, бұл туға түс берген шәйіттер қаны баршамыздың аталарымыздың ортақ күресіне өкілдік етеді. Бір отан, бұл елдің 780 мың текшеметрінің әрбір сүйемі біздің отанымыз. Бір мемлекет, біздің соңғы мемлекетіміз Түркия Республикасы елі ғана. Бұл мемлекетімізді бөлшектеуге әсте жол бермейміз" деп дәріптеді.

Түркияның тегі кім болғанына қарамай, баршаға құшақ жайғанын дәріптеген Ердоған:

"Ирак пен Сириядағы соғыстан қашқан араб, күрд, түрікмен бауырластарымыздың келетін алғашқы мекені - Түркия. Сирия Кобаниден Түркияға келгендерге "күрдсің" деген жоқпыз. Олар Сириядан қашуға мәжбүр қалғандықтан үй иесі болайық дедік" деп көрсетті. 

Елбасы Ердоған:

"Шырнактың террористік топтарға беретін жалғыз ұрпағы жоқ. 12-13-14-15 жастардағы балаларымызды тауға олар алып қашты. Оларға беретін баламыз жоқ. Диярбакыр қала әкімшілігінің алдында отырып қарсылық көрсеткен аналардың көз жасын ұмытпадым. Балаларын Кандильге  алып қашқан. Аяусыз, жосықсыз, адамгершіліксіз террористтер менің Оңтүстік шығыстағы бауырларымды зар жылатты. Аналардың көзінен бір тамшы жастың ағуына төзімім қалмады" деп баса дәріптеді.  



Ұқсас жаңалықтар