ТИКА Ауғанстандағы мұқтаждарға жәрдем беруде

ТИКА Ауғанстандағы мың босқын отбасын азық-түлікпен қамдады.

1147827
ТИКА Ауғанстандағы мұқтаждарға жәрдем беруде

Түрік Ынтымақтастық және координация басқармасы ТИКА  Мазар-ы Шериф бөлімшесі Ауғанстанның солтүстігіндегі Жүзжан уәлаятындағы мың босқын отбасына азық-түлік көмегін берді.

ТИКА-ның Мазар-ы Шериф бөлімшесінен жасалған мәлімдемеде ТИКА Басқармасы тарапынан шұғыл азық-түлік жәрдемі бағдарламасы аясында Фариаб уәлаятының Курган, Ширинтегап, Деулетабад, Кайсар аудандары мен Сар-ы Пул уәлаятының Кохистант және Гуспенди аудандарынан қақтығыстар және болымсыз маусым шарттары себепті үйлерін тастап Жүзжан уәлаятын паналаған мың отбасына азық-түлік жәрдемі берілгені білдірілді.

Мектептер мен шатырларда ауыр шарттар астында өмір сүріп жатқан отбасыларына ұн, май, күріш, шай, шекер, бұршақ түрлері және тұз тектес заттардан жасалған жәрдем пакеттері таратылғаны білдірілген  мәлімдемеде отбасындағылардың Түркияға және түрік халқына жәрдем қолын созғандары үшін алғыс айтқандары атап көрсетілді.  



Ұқсас жаңалықтар