Фидан: "Жаһандық соғыс сценарийіне дайын болу керек"

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан жекеменшік бір телеарнада күн тәртібін бағалады.

2155592
Фидан: "Жаһандық соғыс сценарийіне дайын болу керек"

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан әлемнің аймақтық немесе жаһандық соғыс сценарийін байыппен қабылдау керектігін атап көрсетті.

Хакан Фидан жекеменшік бір телеарнада күн тәртібін бағалады.

«Беньямин Нетаньяху үкіметі басшылығымен Израиль жүйесінің Хамасты сылтауратып Палестина Азаттық қозғалысын толығымен жою, жылдар бойы жалғасып келе жатқан оккупацияны заңдастыру және мемлекеттік саясатын» сынға алған Фидан 7 қазан күнінен кейін Израильдің оқиғаларды өз мүддесіне айналдыру үшін жүйелі түрде соғыс жоспары жасағанын баса айтты.

Әлемнің аймақтық немесе жаһандық соғыс сценарийін байыппен қабылдау керектігіне назар аударған Фидан Газа секторындағы «қырғын мен геноцидтің» адамзатты екіге бөлгенін атап, еуропалық мемлекеттер және АҚШ-тың Израильдің (Газадағы) саясатын тоқтатпағанын, керісінше қолдағанын айтты. Хакан Фидан «Қазір әлем қол жеткізген тұста, әсіресе екі мемлекетті шешім, соғысты тоқтату, гуманитарлық көмек мәселесі аса маңызды бір сатыға жетті» деді.



Ұқсас жаңалықтар