Қорғаныс министрі Акар Сочиде

Хулуси Акар Ресей және Иран министрлерімен кездесті.

1145344
Қорғаныс министрі Акар Сочиде

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Бельгияның астанасы Брюссельдегі кездесулерінен кейін елбасы Режеп Таип Ердоған, Ресей президенті Владимир Путин, Иран елбасы Хасан Рухани қатысатын Сирия тақырыбындағы төртінші кезекті Үштік Саммит жиналыстарына қатысу мақсатымен Ресейдің Сочи қаласына кетті. 

Үштік Саммит алдында Хулуси Акар Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу және Иран Бас Штаб төрағасы Мұхаммед Багеримен жеке-жеке кездесулер өткізді.

Кездесулерде Сириядағы соңғы жағдайлардың тағы бір мәрте талқыланғаны, лидерлер қатысатын саммитке байланысты соңғы дайындықтардың жасалғаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар