Түркия-Ресей-Иран үштік саммиті алдында басшылар оңаша бас қосты

Президент Режеп Тайып Ердоған Ресейдің Сочи қаласындағы байланыстарын бастады.

1145469
Түркия-Ресей-Иран үштік саммиті алдында басшылар оңаша бас қосты
Soçi Putin Ruhani Erdoğan
Erdogan Soçi
Erdoğan Ruhani görüşmesi Soçi.jpg
putin.jpg

 

Президент Ердоған Сочиде Ресей президенті Владимир Путин және Иран елбасы Хасан Руханидің қатысуымен өтетін Сирия тақырыпты 4-ші Үштік саммит алдында басшылармен оңаша бас қосты.

Осында алдымен Иран президенті Хасан Руханимен кездескен Ердоған Руханиге кеше Иранда болған террор шабуылында қаза тапқандар үшін көңіл айтты. Кездесу баспасөзге жабық өтті.

Президент Ердоғанның бас қосуда Руханийе кеше Ирандағы террор шабуылында қаза тапқандар үшін көңіл айтқаны білдірілді.

Президент Ердоған Сирия тақырыпты Түркия-Ресей-Иран үштік саммиті алдында Сочиде Ресей Федерациясы президенті Владимир Путинмен бас қосты.

Ердоған осында айтқан сөзінде «Сирияда қауіпсіз аймақ тақырыбын ұлттық қауіпсіздік ережелерімізге үлес қосқан сайын қолдаймыз. Осы пікірді Ресейдің де жақтауын тілейміз» деді.

Ердоған «PYD мен YPG-ді Манбидж және Евфраттың шығысынан тазаламайынша Сирияның шекара тұтастығы қамтамасыз етіле алмайды. Идлибде әуе кеңістігін қолдану тұрғысынан ортаға қойылған ынтымақтастықтың Африн және Евфрат қалқаны операциялық аймағында да ортаға қоюы аса маңызды» деді.

Ресей президенті Путин болса «Түркиямен бірге Сирияда тараптар арасындағы келіссөздерге жаңа бір бағыт беретінімізге сенімдімін. Сириядағы нысаналарға ауқымды жұмыстар және келісіммен қол жеткізе аламыз. Түркиямен жүргізілген жұмыстар нәтижесінде Сирияда маңызды жетістіктерге қол жеткіздік» деді.

Саммитте Астана кезеңі аясында Сирия мәселесіне тұрақты шешім табу ізденістеріне ықпал ететін майдан мен саяси кезеңде жүргізілген ортақ талпыныстарға көз жүгіртілмек.

Президент Ердоғанның саммит барысында әріптестерімен екі жақты байланыстар арқылы жүзеге асырған ынтымақтастыққа қоса, аймақтық мәселелерді де қолға алуы күтіледі.



Ұқсас жаңалықтар