«Біз үшін Асад режимі заңдылығын жоғалтты»

Сирия мәселесі президенттік кабине жиналысында қолға алынды.

1138656
«Біз үшін Асад режимі заңдылығын жоғалтты»

«Түркияның Сирияда Манбидж пен Евфрат өзенінің шығысында негізгі нысанасы аймақтың өзінің бақылауында болуы...»

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын Анкарадағы президенттік кабине жиналысының артынан жасаған мәлімдемеде «Манбидж пен Евфраттың шығысында да (Идлибге) ұқсас бір моделді іске қосу үшін біздің негізгі күткеніміз осы жерлердің бақылауының Түркияда болуы» деді.

Калын осы аймақтан Түркияға бағытталған кезкелген бір қауіптің, террор рискінің қайталануына ешқандай рұқсат берілмейтінін атап көрсетті.

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Калын Түркия мен Америка Құрама Штаттары арасындағы Манбидж жол картасы жайлы қойылған бір сұраққа қайтарған жауабында «Екі одақтас ретінде енді жол картасын жедел түрде одан көп кешіктірмей іске асыру әрі екі жақты қарым-қатынастарымыз, әрі аймақтың қауіпсіздігі және Сириядағы кезең тұрғысынан аса маңызды» деді.

Калын АҚШ-пен «қауіпсіз аймақ» тақырыбында бір келісім жасалғаны жайлы хабарлардың шындыққа жатпағанын осы тақырыпта келіссөздердің жалғасқанын атап көрсетті.

Президенттік аппараттың мәлімдемешісі «Біз үшін Асад режимі заңдылыңғын жоғалтты және болашақ уәде етуден аулақ бір режимге айналды» деді.



Ұқсас жаңалықтар