Сыртқы істер министрі Бухарестке барады

Мевлүт Чавушоғлу Румынияда өтетін Gymnich жиналысына қатысады.

1135601
Сыртқы істер министрі Бухарестке барады

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Еуропа Одағына мүше және кандидат елдердің сыртқы істер министрлерінің қатысуымен Румынияда өтетін Gymnich жиналысына қатысады.

Министрліктің хабарламасына қарағанда,  Чавушоғлу ЕО Жоғары комиссары Федерика Могорини және Румыния Сыртқы істер министрі Теодор Мелесканудың шақыруымен 31 қаңтар және 1 ақпан күндері Бухарестте өтетін жиналысқа қатысады.

Gymnich жиналысының форматы сыртқы саясат оқиғалары жөнінде пікір алмасу мүмкіндігін береді.

Хабарламада «Аталмыш жиналыста Еуропа Одағына мүше және кандидат елдердің ортақ мүдделері және сынақтары бар алаңдар аясында Қытай мен Балқан елдерінің болашағына байланысты көзқарас алмасылады, айырықша Еуропа Одағына мүшелік үрдісі және екі жақты қарым-қатынастарға байланысты кейбір мүше елдердің министрлерімен кездесулер жүргізіледі» деп айтылды.



Ұқсас жаңалықтар