Чавушоғлұ бүгін Джеймс Джеффримен кездеседі

Чавушоғлұ Джеймс Джеффридің бүгін Түркияға келетінін жариялады.

1132284
Чавушоғлұ бүгін Джеймс Джеффримен кездеседі

Чавушоғлұ бүгін Джеймс Джеффримен кездеседі.

Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ Америка Құрама Штаттарының Сирия арнайы өкілі Джеймс Джеффридің бүгін Түркияға келетінін жариялады.

Сыртқы істер министрі Чавушоғлұ Джеффримен өткізетін кездесуде АҚШ-тың Сириядан кету шешімі және қауіпсіз аймақпен байланысты соңғы жағдай қолға алынады.

Джеффри ең соң 8 ақпан күні АҚШ Ұлттық қауіпсіздік ақылшысы Джон Болтон және АҚШ Бас штаб төрағасы Джозеф Данфордпен бірге Анкараға келген еді.

Сыртқы істер министрі Чавушоғлұ бір жеке теледидар каналына берген сұхбатында АҚШ-пен жалғасты кездескенін, сондай-ақ мақсатының болса Түркияның қауіпсіздік уайым-қайғыларын жою екенін айтты.

Чавушоғлұ «Қауіпсіздік аймақты жалғыз өзіміз құрудамыз. Егер АҚШ және Ресей ынтымақтастық жасағысы келсе ары кет демейміз» деді.


Этикеттер: #Сирия , #АҚШ , #Анкара , #Ресей

Ұқсас жаңалықтар