Түркия Манбиджтегі бомбалы шабуылды қатаң түрде айыптады

Түркия Манбиджте күзету қызметін атқарған кезде АҚШ әскерлеріне жасалған бомбалы шабуылды қатаң түрде айыптады.

1127498
Түркия Манбиджтегі бомбалы шабуылды қатаң түрде айыптады

Түркия бөлшектеуші террор ұйымы YPG/PKK басқыншылығында болған Манбиджте күзету қызметін атқарған кезде АҚШ әскерлеріне жасалған бомбалы шабуылды қатаң түрде айыптады.

Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде «Манбидж қала орталығында болған бомбалы шабуылда АҚШ әскери қызметкерлері мен жазықсыз адамдардың қаза тапқаны хабарын күйзеліспен қарсы алдық. Осы опасыз шабуылды қатаң түрде айыптаймыз» делінді.

«Манбиджтің террор ұйымдарынан тазалау және осы аймақта тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатты АҚШ-пен бекіткен Манбидж жол картасының барлық тұстарымен жүзеге асырылуы тақырыбындағы табандылығымызды қайталаймыз» делінген мәлімдемеде «Түркия Манбидж жол картасын ең қысқа мерзімде жүзеге асыру үшін АҚШ-пен ортақ жүргізген жұмыстарды тұрақты түрде жалғастырмақ» делінді.



Ұқсас жаңалықтар