Франциядағы жарылыстың артынан Түркия көңіл айту жеделхаты жолдады

Түркия Францияның бас қаласы Парижде газ қысымы салдарынан болған жарылыспен байланысты Францияға көңіл айтты.

1124650
Франциядағы жарылыстың артынан Түркия көңіл айту жеделхаты жолдады

Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда кеше Парижде болған жарылыс салдарынан қаза тапқан және жаралылар бар екені жайлы жаңалықтың күйзеліспен қарсы алынғаны атап көрсетілді.

Мәлімдемеде «Жарылыс салдарынан қаза тапқандардан бастап Франция халқына көңіл айтамыз, жаралыларға шипа тілейміз» делінді.

Парижде 9-шы аймақтағы наубайханада өрт шығып, газ қысымы себепті кеше жарылыс болған еді.

Париж прокуратурасы жарылыста 2 өрт сөндіргіштің қаза тапқанын 10-ы ауыр күйде 47 адамның жарақат алғанын жариялаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар