Калын мен  Болтонның кездесуі аяқталды

Президенттік сарайында баспасөзге жабық өткен кездесу 2 сағат 10 минут жалғасты.

1121437
Калын мен  Болтонның кездесуі аяқталды

Калын мен  Болтонның кездесуі аяқталды.

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын мен АҚШ президенті Дональд Трамптың Ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Джон Болтонның Анкарадағы кездесуі аяқталды.

Президенттік сарайында баспасөзге жабық өткен кездесу 2 сағат 10 минут жалғасты.

Калын басшылығындағы түрік делегациясында Сыртқы істер министрі орынбасары Седат Өнал, Ұлттық қорғаныс министрі  орынбасары Юнус Эмре Караосманоғлұ, Ұлттық барлау ұйымы төрағасының орынбасары Жемалеттин Челик және басқа қатысты лауазым иелері орын алды.

Болтон басшылығындағы АҚШ делегациясында болса, Бас штаб төрағасы Джозеф Данфорд, Жаһандық коалиция өкілі Джеймс Джеффри және басқа қатысты лауазым иелері бар.

Түрік делегациясы АҚШ делегациясына Түркияның күрдтерді нысанаға алатыны жөніндегі қауесеттің шындыққа жатпағанын, негізгі нысананың ДАИШ пен PKK/PYD/YPG террор ұйымдарымен күрес екенін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар