Ұлттық Қорғаныс министрі Катарда

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Сириядағы террор ұйымдарына қарсы күресті түсіндірді.

1110590
Ұлттық Қорғаныс министрі Катарда

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Сирияда Евфрат қалқанының шығысын басып алып, орлар мен туннелдер қазған бөлшектеуші террор ұйымы YPG/PKK мүшесі террористердің өздері қазған орларға көметіндерін атап көрсетті.

Акар Катар Ұлттық күніне орай ұйымдастырылған рәсімдерге қатысу мақсатты барған Дохадағы Катар-Түрік ортақ күштер қолбасшылығын аралап, тексерді.

Өзін қарсы алған әскери рәсім тобына үн қатқан Акар 2017 жылы Евфрат қалқаны және осы жылы да Зәйтүн бұтағы операциясының табысты жүзеге асырылғанын атап көрсетті.

«Қазір алда Манбидж пен Евфраттың шығысына операциялар бар» деген Акар «Қазір Манбиджте Евфраттың шығысында кейбір орлардың, туннельдердің қазылғаны алға тартылуда. Қаласа ор қазсын, қаласа туннель. Жердің жеті қабақ астына түссін, жері мен уақыты келген кезде олар өздері қазған орларға көміледі. Осыған ешкімнің күдігі болмасын» деді.

Ирактың солтүстігіндегі PKK болмысына да назар аударған министр Акар «Осымен байланысты әрі Синджар, әрі Караджак тауларына әуе операциялары жасалды. Сол жерде ешқандай жазықсыз адамдарға зиян келтірілмеуі мәселесі тағы күн тәртібімізде. Осы тақырыпта бар шаралар қабылданды және Алаға шүкір жалғыз жазықсыз адамға, күнәсіз жанға залал келтірмей сол жердегі террористтер залалсыздандырылды» деді.

Акар Синджардың террористтер ұялаған екінші бір Кандил тауы болуына рұқсат бермейтіндерін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар