Хасан Рухани Анкараға келді

Иран президенті Хасан Рухани ресми сапармен кеше кеште Түркияның астанасы Анкараға келді.

1110228
Хасан Рухани Анкараға келді

Иран президенті Хасан Рухани ресми сапармен кеше кеште Түркияның астанасы Анкараға келді.

Руханиді әуежайында Энергия және табиғи ресурстар министрі Фатих Дөнмез бен лауазым иелері қарсы алды.

Түркия-Иран Жоғарғы Деңгейдегі Ынтымақтастық Кеңесінің бесінші жиналысы президент Режеп Тайып Ердоған және Хасан Руханидің басшылығында бүгін астана Анкарада өтеді.

Жиналыста Түркия мен Иран арасындағы қарым-қатынастар жан-жақты қолға алынады.

Жиналыста екі ел қарым-қатынастарымен қатар аймақтық және халықаралық оқиғалар жөнінде пікір алмасады.

Хасан Рухани Анкараға аттанар алдында Тегеран әуежайында журналистерге мәлімдеме жасап, Түркия-Иран қарым-қатынастарына қысқаша тоқталды.

Рухани мәлімдемесінде «Түркия көрші, дос және аймақтың ықпалды бір елі ретінде біз үшін өте маңызды» деді.



Ұқсас жаңалықтар