Қараша айында YPG/PKK террор ұйымына үлкен соққы

Қараша айында ел көлемі мен шетелдегі әуе операцияларында қарулы 170 террорист залалсыздандырылды.

1099417
Қараша айында YPG/PKK террор ұйымына үлкен соққы

Түркияның бейбітшілігін, тыныштығын және қауіпсіздігін бұзу үшін жазықсыз адамдарды, балаларды және нәрестелерді нысана алудан тайынбаған бөлшектеуші террор ұйымы YPG/PKK-ға бағытталған қараша айындағы операцияларда араларында ұйым басшылық кадрлары да бар 170 террорист залалсыздандырылды.

Түрік қарулы күштері, Полиция дирекциясы, Жандармерия қолбасшылығы және Ұлттық Барлау ұйымы ынтымақтастығымен елдің тыныштық пен бауырластығын нысанаға алған террор ұйымымен күрес қауіпсіздік күштерінің қолдауымен жалғасуда.

Қараша айында ел көлемі мен шетелдегі әуе операцияларында араларында ұйымның басшылық кадрлары бар 170 террорист залалсыздандырылды.



Ұқсас жаңалықтар