Соғыс ұшақтары PKK террор ұйымына ауыр соққы берді

Түрік қарулы күштері Ирактың солтүстігіндегі Зап аймағына әуе операция жасалды.

1096269
Соғыс ұшақтары PKK террор ұйымына ауыр соққы берді

Түрік қарулы күштері тарапынан Ирактың солтүстігіндегі Зап аймағына бағытталған әуе операциясында 6 террорист залалсыздандырылды.

Бас штаб басқармасынан жасалған мәлімдемеге қарағанда Ирактың солтүстігіндегі Зап аймағына әуе операция жасалды.

Операция нәтижесінде бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ға тиесілі қару бекіністері, баспана және оқ-дәрі қоймалары жойылды, база аймақтарына шабуылға дайындалған 6 террорист залалсыздандырылды.

Басқа жағынан іздеу салынған террористтер тізімінде тіркеулі Эрзурум қаласы шығыс күші жауаптысы Зинар Амед лақапты PKK-лық Али Акбаш залалсыздандырылды.

Ішкі істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде PKK/KCK террор ұйымына бағытталған операцияларда Муш қаласының Малазгирт Татаргази ауылында ұйымдастырылған операцияларда екі террористің өлтірілгені атап көрсетілді.

Мәлімдемеде залалсыздандырылған террористердің бірінің «Іздеу салынған террористтер тізімінде» орын алған және басына 300 мың лира сыйақы тігілген Зинар Амед лақапты Али Акбаш екені атап көрсетілді.

Операцияда сондай-ақ бір дана M-16, бір дана калашников автоматты қару және көптеген оқ-дәрі тәркіленді.



Ұқсас жаңалықтар